ШҚО: құс фабрикасының басшылығы жалақы бойынша уәдесін орындамады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: құс фабрикасының басшылығы жалақы бойынша уәдесін орындамады

ШҚО: құс фабрикасының басшылығы жалақы бойынша уәдесін орындамады

«Капитал құс фабрикасы» ЖШС-інің басшылығы аштық жариялаған жұмыскерлеріне жалақы бойынша қарыздың бір бөлігін өтейтіні туралы берген уәдесінде тұрмады, деп мәлім етті құс фабрикасы жұмыскерлері кәсіподағының төрайымы Ирина Русина.

  • 3 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

«Аштық жариялаған адамдар бүгін кәсіпорынның басшылығына ақша мәселесімен барып еді, оларға ақша жоқ, болмайды да деп жауап қайтарылды», — дедіИ. Русина.

Бұрын хабарланғандай, ШҚО Глубоков ауданының Черемшанка ауылында орналасқан құс фабрикасының 12 жұмыскері 1 маусымда әкімшілік корпустың фойесінде аштық жариялады. Олардың басты талабы – жалақы және зейнетақы қорына төлемдер бойынша қарызды өтеу.

Наразылық акциясына байланысты кәсіпорынға келген ШҚО әкімінің орынбасары Григорий Пинчуктың көзінше азаматтарға Т5-6 мыңнан, фабрика басшылығының ақпаратына сәйкес, жалпы сомасы Т2млн төленді.

Сол күні облыс әкімдігіндегі кеңесте «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-інің директоры Түсіпхан Оразғалиев «3 маусым жұма күні тағы Т5-7 млн төленетінін» айтып сендірген болатын.

Қазір кәсіпорында 171 адам жұмыс істейді. Жалақы бойынша жалпы қарыз Т35 млн, зейнетақы қорына төлемдер бойынша Т75 млн құрайды.

Черемшан құс фабрикасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған, ол Черемшанка ауылының қала құрушы кәсіпорны болып табылады. Жылдық өндірістік қуаты – 80-100 млн жұмыртқа. Өткен жылдың желтоқсан айында экономикалық қиындықтарға байланысты фабрика жаңа құрылтайшы «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-іне сатылды. Қазіргі уақытта ШҚО Глубоков ауданы бойынша салық басқармасы құс фабрикасын банкрот деп тану туралы арыз түсірді.

Соңғы жаңалықтар