Жарияланды: 570

ШҚО: құс фабрикасының жұмысшылары аштық жариялады; жем-шөпсіз қалған құстар да қырылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жарты жылдан бері жалақы көрмеген Черемшанка құс фабрикасының жұмысшылары аштық жариялады. Фабриканы қарызға белшесінен батырған бұрынғы басшылары оны өткен күзде сол қарызымен қоса тастап кеткен. Содан бері кәсіпорын жаңа басшының қолына өткенмен, жағдай түзелер емес. Фабриканың жұмысшылары алдындағы қарызы 60 млн теңгеден асып кеткен. Жем-шөпке ақша табылмағандықтан құстар да шетінен қырылып жатыр. Басынан бәле арылмаған Черемшанка құс фабрикасының басшылығы өзгергенімен, жағдайушығып кетті. Бүгін наразылық көрсеткендер қатарында бастапқыда 50 адам болғанымен, қазір   солардың 15-і ғана қалды. Өзгесі фабрика қожайындарының қоқан-лоққысынан жасқанып, аштық жариялаудан бас тартуға мәжбүр болыпты.

Елена Антропова,Черемшанка құс фабрикасының қызметкері:

-Ауамен тамақтанып жүрміз. Кейде тіпті үйде нан болмай қалады. Кешке дейін картоп қана жейміз.

Атышулы кәсіпорынды бұрынғы бастықтары өткен күзде  600 млн теңге қарызға батырып кете барған. Жаңа қожайынның да жолы болмады. Еңбекақыны былай қойғанда,  «Шығысэнерготрейд» кәсіпорныныңалдынғы қарызы 40 млн теңге, ал салық төлемдері үшін 94 млн теңге берешек екен.

Түсіпхан Оразғалиев, «Черемшанка плюс» құс фабрикасының бас директоры:

- Бастапқыда бәрін төлеп шыққанбыз,ақша болмаған соң, ол қарыздар қайта жиналып,қыста жарықты сөндіріп,қиындықтарды, шынын айтқанда,шеше алмай қалдық.

Қазір фабрика есепшоттарына арест салынған. Амалы құрыған бастық  «бүгін әрең дегенде 8 млн теңге тауып әкелдім» дейді. Енді оны жұмысшыларға там-тұмдап бөліп беріп, қалғанына жем алмақ. Бұл жерге жеткен шенеуніктер де кәсіпорын бастығын «уәде беруден басқа түк бітірмейді» деп жазғырумен болды.

Григорий Пинчук,ШҚО әкімінің орынбасары:

-10 маусымға  дейін мерзім береміз. Мәселе шешілмесе, фабрика тағы да банкротқа ұшырайды немесе оны бұрынғы иесіне  қайтарамыз.

Фабрикадағы құстарға қарайтын да ешкім қалмаған. 700-ге жуық жұмысшыдан қазір 180 адам ғана қалды. Ал күйсіз шыққан тауықтар тұрған жерлерінде өліп жатыр; жұмыртқа  алынбағанына да үшай болыпты.

Құс фабрикасының күннен-күнге құлдырап бара жатқандығын бастықтардың да, жұмысшылардың да іші сезіп отыр. Мәселен, фабрикадағы 250 мыңнан астам құстың қазір тең жартысы азықтың жоқтығынан қырылып қалған.Ал қалған тауықтар банкте  кепілдікте тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть