ШҚО құтқарушылары шахтада қалған машинисті үшінші күн іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО құтқарушылары шахтада қалған машинисті үшінші күн іздеп жатыр

ШҚО құтқарушылары шахтада қалған машинисті үшінші күн іздеп жатыр

Шахтада топырақ опырылып, апат аймағында бір машинист қалып қойған.

  • 27 Тамыз 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

«Қазцинк» ЖШС-не қарасты Риддер кен байыту кешенінің Тишин кенішіндегі апат салдарынан топырақ астында қалған машинистің денесі әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 24 тамыз күні болған. Тишин кенішінде топырақ опырылып, апат аймағында бір машинист қалып қойған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары ұйымдастырылғанына қарамастан, машинистің денесі табылар емес. «Компания қызметкерлері топырақ астында қалған әріптесімізді табу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде. Қазір Тишин кенішінде жұмыс тоқтатылған. Барлық күш машинистің денесін аршып алуға жұмылдырылды. 40 адам мен 5 техника үздіксіз жұмыс істеп жатыр» — дейді «Казцинк» ЖШС-нің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых. Мамандар құлаған топырақ мол болғандықтан, машинистің тірі қалуы екіталай екенін айтады. Апаттың себебі мен салдарын құзырлы мемлекеттік органдар анықтайтын болады.



 

Соңғы жаңалықтар