ШҚО: шаруа қожалығының иесі екі азаматты құлдықта ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО:  шаруа қожалығының иесі екі азаматты құлдықта ұстаған

ШҚО: шаруа қожалығының иесі екі азаматты құлдықта ұстаған

Шығыс Қазақстан облысында бір  айдан астам уақыт  құлдықта болған екі азамат құтқарылды. Бородулиха ауданындағы ірі шаруа қожалығының иесі оларды Семей қаласынан күшпен алып кетіп, қара жұмысқа жегіп қойған.

  • 1 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz


Иттей қылды,ұрып-соғып,  басымды  жарды,үнемі  боқтап, балағаттап, зәбір көрсетті!

Полицейлердің айтуынша, құлдыққа түскен екі азаматтың тұрақты мекені жоқ. Сондықтан болар,оларды басынған қожалық иесі жатқан жерлерінен алып кетіп, күн-түн демей  ауыр жұмыстарды істеткен. Бағынбаған жағдайда ұрып-соғып,«тәртіпке»салған көрінеді. Бір ай бойы олар ескі гаражда өмір сүріп келген. Қожайындарының тепкісінен әбден ығыры шыққан екі азамат бірігіп,талай рет қашпақ болған, алайда ойлары жүзеге аспаған. Ақырында олар жергілікті тұрғындар арқылы тәртіп сақшыларына хабар беріп, көмек сұраған. Оларды күштеп көлікке тиеп әкеткені үшін «құлиеленуші»  адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық жауапқа тартылмақ. 

Соңғы жаңалықтар