ШҚО сот мемсанэпидбақылау қызметінің радиоактивті қалдықтарды көмуден бас тартқан компаниялардың үсітенен жазған шағымын кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО сот мемсанэпидбақылау қызметінің   радиоактивті қалдықтарды көмуден бас тартқан компаниялардың үсітенен жазған шағымын кері қайтарды

ШҚО сот мемсанэпидбақылау қызметінің радиоактивті қалдықтарды көмуден бас тартқан компаниялардың үсітенен жазған шағымын кері қайтарды

СЕМЕЙ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today.Шығыс Қазақстан облысы бойынша арнайы ауданаралық соты Семей қалалық мемлекеттік санэпидбақылау комитетінің "FNK" компаниясының өзіне тиесілі радиоактивті тұрбаларды көмуден бас тартқаны жөнінде жазған шағымын кері қайтарды. Бұл туралы журналистерге мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің жалпы санитарлық бақылау бөлімінің бастығы Сіләмхан Базарбаев хабарлады.

  • 22 Желтоқсан 2006
  • 683
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, сот мемлекеттік санэпидбақылауға мұндай шағым жасай алмайтынын, ол үшін табиғатты қорғау прокуратурасы бар екендігін айтқан.

«Біз құжаттарды табиғатты қорғау прокуратурасына тапсырдық. Сондай-ақ біз экология және қоршаған ортаны қорғау департаментіне хат жазып, белгілі тәртіп бойынша зиянды заттарды көму үшін қаражат бөлулерін сұрадық. Енді жауап күтіп отырмыз»,-деді С. Базарбаев. «Бұл оқиға туралы ҰҚК, прокуратура, қоршаған ортаны қорғау туралы комитеттің бәрі де біледі. Алайда мәселенің шешімін қалай табуды білмей-ақ қойдық»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылы Семейдегі «Вилли Люкс» атты кәсіпорнының жетекшілігінен «Вилли Люкс» және «FNK» кәсіпорындарының шекарасында радиоактивті тұрбалар көмулі деген арыз келіп түседі. Ақпаратты тексеру үшін арнайы коммисия құрылып, оқиға орнында салмағы бір тоннаға жуық радиоактивті тұрбалардың көмілгендігіне көз жеткізеді. Жергілікті ІІБ де іске кірісіп бұл темірлердің расында да темір-терсектерді жинап Қытайға жөнелтумен айналысатын «»FNK»кәсіпорнына тиесілі екендігін анықтайды. Осыған байланысты мемлекеттік санэпидбақылау қызметі хаттама жазып, «»FNK» фирмасының директорына 51 мың теңге көлемінде айыппұл салады. Ал фирма басшылығы мемлекеттік санэпидбақылаудың салған айыппұлы заңсыз деп қарсы арыз жазады. Алайда сот санитарлық -эпидемиологиялық қызметтің әрекеті заңды деп «FNK» басшылығын айыппұлды төлеуге шақырады.

Соттан кейін мемсанэпидбақылау «FNK» басшылығына тұрбаларды көму туралы нұсқау бергенімен, ол орындалмайды. Эпидемиологиялық қызмет сотқа қайта шағымданып, сот «FNK» фирмасына тағы да 10 мың теңге айыппұл салады. Дегенмен фирма тұрбаларға біздің қатысымыз жоқ деп оларды көмуден бас тартқан. Осыған орай, мемсанэпидбақылау ШҚО кәсіпкерлік және өндіріс департаментіне хат жіберіп, «FNK» фирмасын лицензиядан айыру туралы мәселе көтереді. Алайда департаменттегілер лицензияны тартып алуға еш негіз жоқ екендігін айтып жауап береді.

Одан кейін мемсанэпидбақылау ШҚО бойынша ауданаралық экономикалық сотқа радиоактивті тұрбаларды мәжбүрлі түрде көму туралы арыз жазады.

Қазіргі кезде тұрбалар темір жәшіктерге салынған. Мемсанэпидбақылау жәшіктің төңірегін тексере келе зиянды сәулелер байқалмайтындығын анықтады. Десе де тұрбалар радиоактивті қалдықтарға жататындықтан, олар міндетті түрде көмілуі қажет екендігін алға тартуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта