Жарияланды: 250

ШҚО ТЖ бөлімшелері адамдар мен көліктерді қар тұтқынынан шығаруды жалғастыруда

Өткен тәулікте ТЖ департаментінің бөлімшелері аумақта бірқатар апаттық-құтқару жұмыстарын өткізді.

Ұлан ауданындағы тас жолда қар тұтқынынан 19 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 7 көлік босатылды. Кеше Аягөзден 45 шақырым жердегі Қарауыл ауылына бағыт алған ішінде 2 адам отырған «Нива» көлігі далада қалды. Таңға жуық құтқарушылар адамдарды ең жақын орналасқан елді мекен - Дөненбай ауылына жеткізді. Бұдан бірнеше сағат ерте Семей-Қайнар тас жолында 50 жүк көлігі мен 10 жеңіл көлік қар құрсауына түсті. Бірнеше сағаттан кейін техника жолды тазартып, барлық автомобильдер қозғалысын жалғастырды. Қазіргі кезде бұрқасын мен нашар көрінушілік салдарынан Өскеменнен Алматы, Зырян, Самарское бағытына шығатын тас жолдар жабылды. Аймақта қар жауып, бұрқасындатуда, екпінді жел соғуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін