Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ШОҚ Аягөз ауданында Аягөз — Алматы тас жолының 1-ші шақырымында 8 қазанда сағат 23.05-те «Мерседес» көлігінің 41 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.
Соның салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының Осакаровский ауданында Қызылорда — Павлодар тас жолының 1041-ші шақырымында 8 қазанда сағат 18.00-де «Фольксваген» және «Мерседес» көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан «Фольксвагеннің» екі жолаушысы — 33 жастағы әйел мен 19 жасар бала оқиға орнында қаза тапты; тағы екі жолаушы — 13 жасар бала мен 26 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті