Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ШОҚ Аягөз ауданында Аягөз - Алматы тас жолының 1-ші шақырымында 8 қазанда сағат 23.05-те "Мерседес" көлігінің 41 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.
Соның салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының Осакаровский ауданында Қызылорда - Павлодар тас жолының 1041-ші шақырымында 8 қазанда сағат 18.00-де "Фольксваген" және "Мерседес" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Фольксвагеннің" екі жолаушысы - 33 жастағы әйел мен 19 жасар бала оқиға орнында қаза тапты; тағы екі жолаушы - 13 жасар бала мен 26 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.