ШҚО жазушысы жазған қар барысы туралы ертегі Таулы Алтайда «Қар барысының мекені» фестивалінде көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО жазушысы жазған қар барысы туралы ертегі Таулы Алтайда «Қар барысының мекені» фестивалінде көрсетілді

ШҚО жазушысы жазған қар барысы туралы ертегі Таулы Алтайда «Қар барысының мекені» фестивалінде көрсетілді

Таулы Алтайда қар барысын сақтап қалу проблемасына назар аударуға бағытталған «Қар барысының мекені» халықаралық фестивалінде шығысқазақстандық Ирина Логинова жазған қар барысы туралы ертегі көрсетілді.

  • 29 Қыркүйек 2011
  • 820
Фото - Caravan.kz

И. Логинованың ертегісі Ресейде басып шығарылды, ал Таулы Алтайда ертегіні Қосағаш ауылының оқушылары көрсетті.

«Бұл ауылда қазақтар көп, осы мектептің мұғалімі де қазақ, ол Қазақстандағы бауырларына және онда мекен ететін қар барыстарына сәлем жолдады», — деп мәлім етті қар барысы туралы фотоальбомның авторы, Snow Leopard Fund директоры Олег Логинов.

Фестиваль аясында қала экрандарынан қар барысы туралы бейнероликтер көрсетілді, адамдар жыртқыштың туған күніне орай ашықхатқа құттықтау жазып, викториналар мен конкурстарға қатысты. Мерекенің соңында Таулы Алтайдың әр аудандарынан келген ән, би, театрландырылған қойылымдар байқауының жеңімпаздары концерт қойды.

«Басында республикалық шара ретінде ұйымдастырылған фестиваль күтпеген жерден халықаралық оқиғаға ұласты», — дейді фестивальға қатысқан Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілдері.

Ресейдегі қар барысының мерекесіне Бурятия, Монғолия, Қырғызстан және Қазақстан өкілдері қатысты. Алтай Республикасына әлемде ирбисті сақтау саласындағы сарапшылар мен мамандар да келді: Snow Leopard Conservancy (АҚШ), Altai Assistance Project (АҚШ) және Snow Leopard Fund (Қазақстан).

Перейти к новостям спорта