ШҚО: жол апаты көп тіркелетін жерде құтқарушылар «тәжірибе» жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: жол апаты көп тіркелетін жерде құтқарушылар «тәжірибе» жасады

ШҚО: жол апаты көп тіркелетін жерде құтқарушылар «тәжірибе» жасады

Бұдан былай шығысқазақстандық құтқарушылар ірі апат орын алған жерге тұтастай бір аурухананы көшіріп әкеле алады. Бүгін облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары осы әдісті іс жүзінде пысықтады. Шартты жоспар бойынша, Өскемен-Риддер бағытындағы тас жолда жеңіл машина мен қоғамдық көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен.

  • 29 Маусым 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

 Өскемен-Риддер тас жолы бекер таңдалынып алынған жоқ. Бұл аралықта жол апаты көп тіркеледі. Шарт бойыншақатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік автобуспен бетпе-бет келіп, апатқа ұшырайды. Осының салдарынан 20 адам зардап шексе, оның тең жартысы ауыр халде. Құтқарушылардың міндеті — жалынға оранған көліктегі жолаушыларды алып шығып, жол шетінде тігілген емханаға жеткізу. Онда дәрігерлер жедел іске кіріседі.

 Қадырманап АбылқайыровАпат медицинасы орталығының  дәрігер-хирургы:

Ең керекті операциялар жасалады. Мәселен, сынықпен келгендерге, қаны  ағып келгендерге және т.б. операция жасап, көмектесеміз.

Жол шетіндегі шатырлы емхананың мүмкіндіктері қаладағы емханалардан кем емес. Тек өзіндік қиындықтары бар. Мәселен, ауқымды апат бола қалған жағдайда  үрмелі шатыр  екі сағаттың ішінде құрылып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге сақадай-сай  тұруы шарт.

Төрт бөлімнен тұратын  модульдік аурухананың ішінде қарбаласшақ.  Бірінде жеңіл жарақат алғандар жатса, екінші бір бөлмеде жедел операция жасалуы тиіс адамадарға арналған төсек-орын дайын тұр. Қалған бөлмелер жарақатты таңу және психологиялық көмек беру үшін лайықталған. Бірақ модульдік госпиталь кезкелген апат орнына шыға бермейді. Бұл шатыр  тек  ондаған адам зардап шеккен ірі техногендік және табиғат апаттары кезінде ғана тігіледі. Алғашқы жаттығудың ұсақ-түйек кемшіліктері де жетерлік.


Қайратбек Қайыпов, «Апат медицинасы орталығы» ММ-нің топ  жетекшісі:

Мысалы үшін, ең  бірінші ұсақ- түйек,  мына модульді арырақ қою керек еді. Мына жерде көп балалар, басқа да  адамдар жүр.Алаң кеңірек болуы тиіс, сондайларды ескереміз.

Құтқарушылар дәл осы жаттығуды «ай сайын қайталаймыз» дейді. Жалпы модульдік госпиталь тәжірибесі бұған дейін Қызылағаштағы апат кезінде қолданылып, ол жүздеген адамның өмірін сақтауға септігін тигізген.

Соңғы жаңалықтар