ШҚО: зиянкестерге қарсы себілген ұнтақ омарташыларды шығынға батырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: зиянкестерге  қарсы  себілген ұнтақ омарташыларды  шығынға батырды

ШҚО: зиянкестерге қарсы себілген ұнтақ омарташыларды шығынға батырды

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында бал аралары қырылып жатыр. Осы өңірдегі 50-ге жуық омарташыға тиесілі ара ұяларының тең жартысы бір апта ішінде босап қалды. Аяқ астынан басты күнкөріс көзінен айырылған шаруалар бұны  шегірткеге қарсы себілген химиялық заттан  көріп отыр. Айтуларынша, тікұшақ зиянкес жәндіктерге қарсы ұнтақ сеуіп өткеннен кейін  бал аралары  қырыла бастаған.

  • 6 Шiлде 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

Воздвиженка ауылының тұрғыны Василий Либиков енді омартасына бал жинау үшін емес, жәшікті өлген аралардан тазарту үшін келді.  Жеті жылдан бері ара шаруашылығымен айналысып келе жатқан ол мұндай сұмдықты бірінші рет көргенін айтады. Омарташы осыдан бір апта бұрын осы маңды айнала ұшып жүрген тікұшақты байқаған. Соңынан олардың шегірткеге қарсы дәрі сеуіп жүргенін естіп, жанұшыра омартасына жүгірген.

Василий Либиков,омарташы:

Келсем, аралардың көпшілігі жер бауырлап, кейбірі шыр айнала ұшып жүр. Одан кейін шетінен өле бастады. Тіпті дәрі себілген күннен бері бірталай уақыт өтсе де, оның әсері басылар емес. Тіпті ара тұрмақ, қараторғай сияқты кішігірім  құстар да өліп жатыр.

Қазір Василий Либиковтың 14 ара ұясының тең жартысы бос қалды. Ал бал алумен  20 жылдан бері айналысып келе жатқан Николай Ипатко аралар шетінен қырыла бастағанда, күтпеген бір «ауру келді ме?»деп шошыпты. Енді шегірткеге қарсы дәрі сепкен мамандардың ескерту жасамағанына қынжылады.


Николай Ипатко, омарташы:

Енді кім біздің арызымызды тыңдайды, кімнен,нені өтеп аламыз? Егер бір маман алдын ала хабарлап айтса, біз омартамызды сақтап қалушы едік.

Берікбол Дүсіпов,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі  Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:

— Уақыт өтіп кетті, арыз шағым түскен жоқ. Сондықтан оны ары қарай дәлелдейтін мүмкіншілік жоқ.  

«Дер кезінде арыз-шағым түспегендіктен, олардың шығынын да ешкім  өтеп бермейді» — деп кесіп айтты санитар маман.

Омарташылар жергілікті әкімдіктен қандай да бір көмек болатынына сенімсіз. Олар аралардың әуеден себілген у-дәрінің кесірінен өлгенін қалай дәлелдеудің жолын білмей отыр. Ал  ұялардың әрқайсысында мыңдаған бал арасы бар екенін ескерсек, олардың қаншалықты шығынға батқанын да байқау қиын емес.