ШҚО-да 1000 тонна пішен өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 1000 тонна пішен өртеніп кетті

ШҚО-да 1000 тонна пішен өртеніп кетті

 

  • 24 Қазан 2021
  • 17
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында 1000 тоннадан астам пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Алтайньюс-ке сілтеме жасап. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 22 қазанда сағат 15.00 шамасында өрт шыққанын мәлімдеді.

– Бесқарағайдағы Жандос ауылының іргесінде 1028 тонна пішен өртенді. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар мен орманшылар өртті 23 қазанда таңғы сағат он шамасында сөндіріп бітті. Жалын 788 шаршы метр аумақты шарпыған. ​ Өртті сөндіруге 8 адам және орман шаруашылығынан 2 автоцистерна, 8 қызметкер, 3 техника және 2 трактор жұмылдырылды, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Мамандардың топшылауына қарағанда, шөпті жинаған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтамағанның кесірінен өрт шыққан.


Соңғы жаңалықтар