ШҚО-да 2 жасар бүлдіршін 6 тонна шөпті өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 2 жасар бүлдіршін 6 тонна шөпті өртеп жіберді

ШҚО-да 2 жасар бүлдіршін 6 тонна шөпті өртеп жіберді

Екі жасар бала жаз бойы жиған пішенді өртеп жіберді. ШҚО Катонқарағай ауданындағы Топқайың ауылының тұрғыны кішкене бүлдіршіннің абайсыздығынан тілсіз жаудың зардабын тартып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 498
Фото - Caravan.kz


Аулада ойнап жүрген кішкентай балаларына бас-көз бола алмай қалған үй иелері оттың қайдан келгенін артынан білген. Сіріңке жағып ойнаған 2 жасар бала жаз бойғы есіл еңбекті зая етті. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жеке аулада 6 тоннадан астам қысқы мал азығы тұрған. ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Шөпке от қойған — үй иесінің 2 жастағы немересі.