Жарияланды: 290

ШҚО-да 50 литрлік газ баллоны жарылып, үй қабырғалары құлады

Өскемендегі жекеменшік тұрғын үйде кеше күндіз 50 литрлік газ баллонының жарылуы мен одан кейін болған өрт оның қабырғалары мен жабындысының жарым-жартылай құлауына себеп болды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Жалын бір сағаттан кейін сөндірілді. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 15 адамы мен 3 техника бірлігі, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 30 шаршы метр аумаққа тарады. Жарылыс салдарынан термиялық күйіктер шалған 59 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін