ШҚО-да 9 жасар бала жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 9 жасар бала жоғалып кетті

ШҚО-да 9 жасар бала жоғалып кетті

24 қаңтарда сағат 9-да бүлдіршін Семейдегі үйінен шығып кетті. 

  • 26 Қаңтар 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан полициясы үйден кетіп, оралмаған 9 жасар баланы іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ХАА ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәлімдеуінше, 24 қаңтарда Семейдегі Бобровка ауылындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған 2010 жылы туған Айдар Егізбаевтың тұратын жері анықталуда. Тәртіп сақшылары іздестіру ісін ашты.

«Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған адамның тұрғылықты жерін анықтау үшін барлық шараларды қолданады. Жұмыс Шығыс Қазақстан полиция басқармасы басшылығының бақылауында. Іздеуге еріктілер де тартылды», — деп түсіндірді ШҚО-ның баспасөз қызметі.

Жоғалған баланың белгілері: бойы 120 см, арықтау денелі, қысқа қоңыр шашты, көзі қоңыр. Ол сары жемпір, бас киім, шалбар, қара етік киген. Шығыс


Қазақстан Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың қайда екендігі туралы ақпараты бар азаматтардан 102-ге хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар