ШҚО-да алаяқ-кредитор ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да алаяқ-кредитор ұсталды

ШҚО-да алаяқ-кредитор ұсталды

Семей қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері көптеген алаяқтық фактілеріне күдікті 37 жасар әйел адамды ұстад

  • 17 Тамыз 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Алдауға түсендердің барлығын полицияға хабарласуды сұрайды, деп хабарлайды Today.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ШҚО, Қатон-Қарағай ауданының тумасы Гүлжанат Қашқынбаева өзін банк өкілімін деп таныстырып, Семей мен Өскемен азаматтарына төмен пайызды үлкен соммадағы кредит алуға көмек ұсынған. Бірақ, бұл бағдарламаға қатысу үшін азаматтарға бастапқы жарна салу керек болған. Осы ақшаны алаяқ иемденіп отырған.


Қазіргі кезде полиция алаяқтықтың 15 эпизоды бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Гүлжанат Қашқынбаева тұтқындаулы. Бұл адамның алаяқтық істерінен зардап шеккендер полицияға хабарласады деп күтілуде.

Семей мен Өмкемен қалаларының және өзге елді мекендердің алданған тұрғындарын ІІБ қызметкерлері 102, (7222)- 69-01-61, 33-56-17, 33-52-79 телефондары арқылы Семей қаласының ІІБ немесе қала ІІБ-ның Әуезов аудандық бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.

Перейти к новостям спорта