Шығыс Қазақстан облысында алдағы бірнеше күн бойы бұрқасын мен қатты жел тұруы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің ақпараты бойынша, 28 ақпан күні күндіз облыста қатты қар жауады. 1-нен 2 наурызға қараған түні бұрқасын, тұман мен көктайғақ күтілуде. Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, осы аралықта желдің жылдамдығы 15-20 метр/секунд, кейде оның екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін.