ШҚО-да археологтар жер астынан бір қапшық алтын тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да археологтар жер астынан бір қапшық алтын тауып алды

ШҚО-да археологтар жер астынан бір қапшық алтын тауып алды

 

  • 11 Шiлде 2019
  • 269
Фото - Caravan.kz

ШҚО-да зерттеу жүргізген археологтар бұрынғы ұрылар жасырған бір қап алтынды тауып алды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Тарбағатайдың "Алтын адам" қорымынан бір қап алтын табылды. Археологтардың айтуынша, қымбат тастан жасалған ондаған зергерлік бұйымдар бір қаптың ішіне салынған. Олардың ішінде мүйізі алтыннан жасалған арқар мүсіншелер де бар. Мамандар мұндай олжаның Еуразия аумағынан да табылмағанын айтады.

Олардың айтуынша, 8 мың жыл бұрын әлдекімдер алтынты ұрламақ болған, алайда неге екені белгісіз оны орнында қалдырған. Керісінше тас астына жасырған. Бірақ бұл болжам ғана.


"Ежелгі ұрылар тері қапқа алтынды салып, тас астына жасырған. Біз өте қызықты айғақтар таптық. Бұл б.з.д. 8 ғасырдағы ата-бабамыздың өмір салтын көрсетеді", — дейді археолог Зайнолла Самашев.

Соңғы жаңалықтар