ШҚО-да аса ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін психиатриялық аурухана бухгалтерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да аса ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін психиатриялық аурухана бухгалтерлері сотталды

ШҚО-да аса ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін психиатриялық аурухана бухгалтерлері сотталды

Шығыс Қазақстанның облыстық сотының аппеляциялық коллегиясы Семей қалалық сотының «Шүлбі кентінің психиатриялық ауруханасы» ББ бес бухгалтеріне қатысты шығарған үкімін күшінде қалдырды. Олар Т40 млн-дай қаржыны жымқырған деп айыпталады, деді ШҚО обылстық сот баспасөз қызметінен.

  • 31 Мамыр 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Бас бухгалтерлер Н. Виноградова мен З. Қалиевалар 5 жыл 3 ай мерзімге ҚР ҚК 176-шы бабы 3-ші тармағы, «б,г» тармақшалары бойынша сотталып, мүлкі тәркіленді, екі жыл бойына қаржылық-шаруашылық жұмыспен айналысуына тыйым салынды. Бухгалтерлер Г. Тұрғымбаева, Г. Шандақпаева мен А. Ахатова ҚР ҚК 28-ші бабы, 5-ші тармағы, 176-шы бабы, 3-ші тармағы, «б» тармақшасымен 5 жылдан сотталып, мүлкі тәркіленді, бір жыл бойына қаржылық-шаруашылық жұмыспен айналысуына тыйым салынды. Бұл ретте соңғы екеуіне жазасын өтеу мерзімі бір жылға кейінге шегерілді», — деп хабарлады соттан.

Іс материалдарынан көрініп тұрғандай, 2005-ші жылдан 2010-шы жылдың ортасына дейін Шүлбі психиатриялық аурухана бухгалтерлері қызмет бабын пайдалана отырып, бірнеше рет өздері мен осы ауруханада жұмыс істейтін туыстары және таныстарына ірі сомадағы қаржыны аударып отырған. Бұл ретте бухгалтер З. Қалиева барлығы Т2,3 млн, бас бухгалтер Н. Виноградова – Т9,4 млн, бухгалтерлер Г. Тұрғымбаева – Т12,8 млн, А. Ахатаева – Т13,6 млн, Г. Шандақпаева – Т1,5 млн жымқырған.

«Барлығы ауруханадан Т40 млн жымқырылған. Аталған қаражат аурухана қызметкерлеріне жалақы түрінде берілуі тиіс болған», — дейді соттан.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар