Жарияланды: 290

ШҚО-да аттестаттаудан өткен қаржы полициясы департаментінің 223 қызметкерінің 24-і сынақтан сүрінді

Қаржы полициясы департаментінде өткен брифингте мәлім болғандай, 223 қызметкердің 24-і қайта аттестаттаудан өте алмады.

Қайта аттестаттаудың қорытындысына сәйкес, өңірлік қаржы полициясы департаменті 223 қызметкерінің 196-сы қызметіне лайық деп танылды. Олардың 7-і қызметін жоғарылатуға лайық деп танылды. Тағы да 3 қызметкер кадр резервіне алынуға ұсынылып, қазірдің өзінде қызметтерін жоғарылатты. Қаржы полициясы департаментінің 10 қызметкері қызметтерін төмендетті, 10 адам қызметін ауыстыруға, 5-уі жұмыстан қуылуға ұсынылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін