Қайта аттестаттаудың қорытындысына сәйкес, өңірлік қаржы полициясы департаменті 223 қызметкерінің 196-сы қызметіне лайық деп танылды.
Олардың 7-і қызметін жоғарылатуға лайық деп танылды.
Тағы да 3 қызметкер кадр резервіне алынуға ұсынылып, қазірдің өзінде қызметтерін жоғарылатты.
Қаржы полициясы департаментінің 10 қызметкері қызметтерін төмендетті, 10 адам қызметін ауыстыруға, 5-уі жұмыстан қуылуға ұсынылды.