Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстағы Ертіс ауылдық округінің әкімдігі Комсомол көшесі атауының өзгергенін жеткізді. Енді көше Нұрғаным Құсайынова есімімен аталады.
"Нұрғаным Бағыбайқызы — көп балалы ана, ол алты баланы тәрбиелеп отыр. Құсайыновтар отбасының барлық балалары округтің қоғамдық өміріне белсене қатысады", — деп түсіндірді әкімдік.