Жарияланды: 350

ШҚО-да автобус аударылып, 6 адам ауруханаға жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен-Риддер күре жолының 65 шақырымында кеше сағат 16.30-да ауа райының қолайсыздығынан халықаралық «Неоплан» автобусы аударылып кетті.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, орын алған жол-көлік апатының салдарынан 6 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 8 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, олар амбулаториялық емделуге жіберілді. 47 жолаушы (оның ішінде 2 бала) Риддер қаласына бара жатқан көлікке отырғызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін