Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарнаның мәліметінше, Көктал ауылында белгісіз індеттен ірі қара қырылып жатыр.
Ал мамандар сиырдың неден өліп жатқанын білмейді. Ауыл тұрғындары болса, елді мекенді карантинге жауып, толықтай залалсыздандыру керек екенін айтып отыр. Бірақ жұқпалы ауруды анықтамайынша, ешқандай шара қолдана алмайтынын айтты дейді олар.
Қазір Көктал ауылында өлген сиырдың саны 100-ден асып кеткен екен. Тұрғындар жергілікті биліктен шығынды өтеп беруді талап етіп отыр.
Бірақ індеттің себебі анықталмайынша, өтемақы беріле ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Зертхана нәтижелері осы айдың соңында ғана белгілі болады.