ШҚО-да бір тәулікте үш көлік отқа оранған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да бір тәулікте үш көлік отқа оранған

ШҚО-да бір тәулікте үш көлік отқа оранған

ШҚО-да бір тәулікте үш көлік өртенді, деп хабарлады YK-avto.kz.

  • 30 Шiлде 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz

Кеше Семейде жүріп бара жатқан «Мерседес» автомобилі,  Шемонаиха ауданында тұрақта тұрған  «Фольксваген» өтеніп, жалын «Ниссан» көлігіне көшкен.

ШҚО ТЖД ақпаратынша, «Мерседес Е230»  Қаржаубайұлы көшесіндегі жолда отқа оранған. Жүргізуші автомобильді тоқтатып, ал оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моторлы бөліктегі отты өшірді.  Көлік иесі жапа шекпеді.

Бұл күні Усть-Таловка кентінде жеке үйдің ауласында тұрған  «Фольксваген Пассат» көлігінің бөлшектері өртенген. От көліктің жанында тұрған «Ниссан Альмераға» тарады. Қызыл жалын сегіз шаршы метр аумақты шарпыған.


Екі оқиға бойынша да тергеушілер қаупі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану нұсқасын қарастыруда. Кінәлі тұлға мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар