ШҚО-да бомба туралы жалған ақпарат таратқан жас ана болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да бомба туралы жалған ақпарат таратқан жас ана болып шықты

ШҚО-да бомба туралы жалған ақпарат таратқан жас ана болып шықты

Іс-сапардан жолдасын күткен сәбиі бар жас ана полицияға оның үйінде бомба қойылғандығын жөнінде қоңырау шалған, деп хабарлайды «Қа

  • 30 Қаңтар 2017
  • 487
Фото - Caravan.kz

Іс-сапардан жолдасын күткен сәбиі бар жас ана полицияға оның үйінде бомба қойылғандығын жөнінде қоңырау шалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

№2 қалалық сот Өскемен үшін сирек кездесетін қылмыстық істі қарап, 102 нөміріне жалған хабарлама беруге қатысты жаза тағайындады. Себебі, жалған хабарлама келіп түскен соң көпқабатты үйдің тұрғындары түн ішінде қауіпсіз жерге көшіріліп, полиция мамандары ұзақ уақыт бойы жарылғышты іздеумен әлек болған. Судья жас әйелден (Иванова А.) не себепті бұлай жасағандығын сұрағанда, ол «зеріккеннен» осындай қадамға барғанын айтқан. Соттың үкімімен Иванов кінәлі деп танылып, жалпы режімдегі колонияда 2 жыл жазасын өтейтін болады. Жас сәбиінің болғандығы есепке алынып, жазасын өтеу мерзімі 5 жыл кейінге шегерілді. Соттың баспасөз қызметі атап өткендей, қылмыстық заңнамаға сәйкес осындай әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық деп танылып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Сонымен қатар, арнайы қызметтің барғаны үшін мемлекетке өтемақы төленеді.