Мәселен Жарма ауданындағы «Шар-Бақыршық» бағытында қарлы боранның салдарынан 16 жеңіл және 7 жүк көлігі жолда қалды. Аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының көмегімен 51 адам көршілес Шалабай елді мекеніне жеткізілді. Құтқарылғандардың үшеуі балалар. Ал құтқарушылардың екінші тобы «Семей-Өскемен» бағытында жолда қалған үш азаматқа Привольное ауылындағы медициналық-құтқару бөліміне аман жетуге жәрдемдесті. Сондай-ақ «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндірушілері «Өскемен-Алматы» бағытындағы жолда қалған 3 адамды арнайы техникамен Қалбатау ауылына жеткізді. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Еске салайық, ШҚО ТЖД қызметі демалыс күндері күн райына байланысты жолдың жабылғаны туралы ескертпе хабарлама жолдаған болатын.