Шығыс Қазақстан облысында экс-депутатты зорлады деп айыптаған қыздың үш жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайдыyk.kz.
Елена Иванова басшысы, бұрынғы депутат Ержан Сқақовты өзін зорлады деп айыптаған болатын. Алайда зорлық фактісі дәлелденген жоқ, Сқақов ақталып шықты. Осыдан кейін Еленаның өзіне және оған көмектескен Сқақовтың туысы Оразбек Қатпановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Іс Шемонаиха аудандық сотында қаралды. Иванова мен Қатпанов кінәлі деп танылды. Қыз үш жылға бас бостандығы шектелсе, Қатпанов 3,5 жылға сотталды.
Еске сала кетсек, қаңтар айында Өскеменде белгілі блогер Ренат Халиков жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімінде айтылғандай, ол Елена Иванованы зорлағаны туралы ақпаратты жария етпеу үшін Ержан Сқақовтан бірнеше рет ақша бопсалаған. Сол кезде Сқақов журналистерге Еленаның 16 жыл бойы туысқаны Оразбек Қатпановпен бірге тұрғанын мәлімдеген еді.