ШҚО-да элеваторда 40 тонна шемекі және транспортер таспасы өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да элеваторда 40 тонна шемекі және транспортер таспасы өртенді

ШҚО-да элеваторда 40 тонна шемекі және транспортер таспасы өртенді

Өскеменде Защитинск элеваторында сенбі күні құрғату қондырғысында 40 тонна шемекі және транспортер таспасы өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 11 Қараша 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Өрт төрт сағаттан кейін ауыздықталып, тоғыз сағаттан кейін жойылды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД 45 адамы мен 10 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Өрттің аумағы анықталуда. Өртті сөндіру барысында 25 жастағы жұмысшы күйікке шалынып, ауруханаға жеткізілді, бұдан басқа 37 жастағы ер адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар