ШҚО-да емханадағы өртке байланысты 120 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
ШҚО-да емханадағы өртке байланысты 120 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. |
Кеше Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск қаласында Советская, 16 мекен-жайында орналасқан 3 қабатты №1 емхана ғимаратында өрт болды. жалын 2 шаршы метр аумаққа таралды. 120 адам эвакуацияланды, 2 адам құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өртпен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің жеке құрамының 11 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін