ШҚО-да кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша 51 семинар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша 51 семинар өтеді

ШҚО-да кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша 51 семинар өтеді

Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бастау алды. Оның аясында бір жыл ішінде аймақ кәісіпкерлері үшін 51 семинар өтеді, деп ШҚО аймақтық «Кәсіпкерлікті дамыту «Даму» қоры» АҚ филиалының қаржысыз қолдау жөніндегі бас менеджері Наталья Степанова мәлім етті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 360
Фото - Caravan.kz

«Даму» қорының мамандарының айтуынша, бағдарлама жергілікті халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, маусым айына белгіленген семинарға тапсырыстар беріп қойыпты.

Бұл бағдарлама республикадағы шағын және орта бизнестің табысты кәсіпкерлерін қалыптастыруға бағытталған.

«Дағдарысқа дейін кәсіпкерлердің тек 5-10% өздерінің күткен деңгейіндегі бизнеске жете алды. Ал қалғандары бұрынғы деңгейлерде қалды. Оның себебінің 80-90% істі жүргізуге деген ұстанымның қателігінен, маркетинг пен персоналды басқарудың негізгі ережелерін дұрыс сақтамау, кіріс пен шығыстағы есепті дұрыс есептемеуден болады», — дейді «Даму» қорының маманы Игорь Стексова.

Семинарларды өткізу кестесі бойынша бірінші болып Өскемен таңдалыпты.

Соңғы жаңалықтар