Аталып өткендей, облыс бойынша ұзақ жасаушылардың басым дені Ұлан ауданында тұрады. Ауданның 5 тұрғыны ғасырдан да ұзақ жасап, 100-ден асты.
Аудан әкімі Серік Төленбергенов ұзақ жасаушыларды 2013 Жаңа жылмен құттықтап, оларға сыйлықтарды табыс етті. Олардың қатарында 113 жасқа келген ең қарт кейуана Күләш Тандыбаева мен Ұлы Отан соғысының ардагері, 2013 жылдың қарсаңында жүз жылдығын атап өткен Шаймардан Сәбитов бар.