ШҚО-да орман аймағындағы өртті бірнеше сағат бойы ауыздықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да орман аймағындағы өртті бірнеше сағат бойы ауыздықтады

ШҚО-да орман аймағындағы өртті бірнеше сағат бойы ауыздықтады

«Қазавиаорманқорғау» РМКК қызметкерлері күзететін аумақты әуеден тексеру кезінде Асу-Бұлақ орман аймағында өртті байқаған.  

  • 30 Шiлде 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнына жедел түрде Өскемен авиабөлімінің десанты жолданды.  20 өрт сөндіруші отпен күресті,  әуеден оларға МИ-8 МТВ тікұшағының авиаторлары көмектесті.

«Біз әріптестеріміз жете алмаған таулы аймақтарға су жеткіздік, — деді Өскемен авиабөлімінің аға ұшқыш-бақылаушысы Андрей Коншу. — Жалын толығымен бірнеше сағаттан кейін ғана жойылды».

ТЖД хабарлағандай, оттың шығуына найзағай себеп болған. Авиаөртсөндіру қызметі мен орман қорғау қызметінің өкілдерінің арқасында оттың үлкен аумаққа таралуына тосқауыл болды.

От найзағай салдарынан шыққанына қарамастан, «Қазавиаорманқорғау» РМКК қызметкерлері аймақ тұрғындарын орманда отты пайдаланғанда абай болуға шақырды.  Өңір аумағында өрт қауіптілігінің 5-дәрежесі жарияланды.  


Соңғы жаңалықтар