ШҚО-да өткен демалыста өрттің салдарынан 6 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да өткен демалыста өрттің салдарынан 6 адам көз жұмды

ШҚО-да өткен демалыста өрттің салдарынан 6 адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері өрттің салдарынан 6 адам көз жұмды.

  • 29 Қазан 2012
  • 356
Фото - Caravan.kz

Өңірлік өрт сөндіру қызметі демалыс күндері орын алған тілсіз жауды ауыздықтауға қатарынан 16 рет шықты, деп хабарлады ТЖД.

Көкпекті ауданының Самар ауылында жекеменшік үйде орын алған өртті сөндіруден кейін екі адамның мәйіті табылды. Олар үйдің иесінің 48 жастағы ұлы мен 47 жастағы қонағы болып шықты. Олардың мәйіттерін сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін аудандық аурухананың орталық мәйітханасына жеткізілді. Өрт мас күйінде темекі тартудың салдарынан болуы мүмкін.

Глубокое ауданының Черемшанка ауылында электр тоғын ұзартқышты пайдалану кезінде болған өрт анасы мен баласының өмірін қиып кетті. Өрт тіпті болмады десек де болады, деп мәлімдеді өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері. 1 шаршы метр аумақта еден жартылай өртеніп кетті, алайда бұл адамдардың иіс тиіп уланып, көз жұмуына әкеп соқты.

Өскеменде Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйде өрт сөндірушілер асүйден 77 жастағы зейнеткердің мәйітін тапты.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде тілсіз жаудың салдарынан 61 адам мерт болды, олардың 34-і мас күйінде болған. Өрт оқиғаларының басым бөлігі отқа абайсыз қараудан болып отыр.

Соңғы жаңалықтар