ШҚО-да қалааралық бағытта қатынап жүрген автобус иелері шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да қалааралық бағытта қатынап жүрген автобус иелері шу көтерді

ШҚО-да қалааралық бағытта қатынап жүрген автобус иелері шу көтерді

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында қалааралық бағытта қатынап жүрген автобус иелері шу шығарды. Айтуларынша, бір айдан бері әкімдік тарапынан қыспаққа түсіп жатыр. Жергілікті басшылар жеке автобус иелеріне жолаушы тасымалымен айналысуға тыйым салған көрінеді. Бұл шешімнің себебін түсіндірген де бір шенеунік жоқ. Сондықтан кәсіпкерлер мұны өздерінше топшылап отыр. Айтуларынша, жолаушылар тасымалдау құқын әкім өз таныстарына алып бергісі келеді екен.

  • 18 Мамыр 2013
  • 449
Фото - Caravan.kz

Жиырма жыл бойы осы күре жолдың үстінде нәпәқасын тауып жүрген 30 азамат аяқ астынан жұмыстарынан қағылды. Өйткені, жергілікті әкімдік оларға бұдан былай Зайсаннан Астана, Алматы қалаларына жолаушыларды тасымалдауға тиым салып отыр.

Қалихан Боқтыбаев жолаушы тасып, нәпақасын тауып жүргендердің бірі. 15 жыл бойы алыс бағытқа шығып үйренген жүргізуші бір айдан бері Зайсаннан аса алмай қалды. Бұған жергілікті биліктің тосын тосқауылы себеп.

Қазір саудагерлер, үйлеріне қайтатын студенттер, Алакөл мен Зайсан көліне демалуға туристтер ағылатын маусым. Ал, әкімдікпен теке-тірес басталғалы соңғы бір айда 1 рейс қана бағытқа шығыпты.

Алмагүл Ахметжанова, автобус иесі:

— Газетке хабарландыру береді. Астанадан автобус әкеледі, жаңадан жүргіземіз деп. Сонда біз не істеуіміз керек? 500 кісі қайда барып жанымызды сақтауымыз керек?


Болат Байжұманов, автобус жүргізушісі:

— Айналып келгенде қаншама қара қазақтар аш-жалаңаш далада қалады.

Тыйым салған шенеуніктер ешкімге мұның себебін түсіндірмепті. Әкімнің өзі мандытып жауап қата алмады. Тек автобустарды бекет маңынан қуғанымыз рас, ол көгалдандыру, көріктендіру жұмыстарымен байланысты. Ал жолға мүлдем шығармайды деген бекер деп отыр. 

Марат Уәлиев, Зайсан қаласының әкімі:

Оның бәр жалған, басқа жақтан автобус алдырады деген біздің ойымызда да жоқ ондай. Осы кәсіпкерлер осы жұмыстарымен айналыса береді.

Бұл кәсіппен нандарын тауып отырған елуге тарта отбасы бар Зайсанда. Былтыр бұл азаматтар несиеге автобустарын жаңалапты. Сапарға шыға алмай, әкімдікпен бір мәмлеге келе алмай даурығып жүргенде, несие төлейтін уақыт та жақындап қалған. 

Перейти к новостям спорта