ШҚО-да қыстақта қалып қойған шопандар құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да қыстақта қалып қойған шопандар құтқарылды

ШҚО-да қыстақта қалып қойған шопандар құтқарылды

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығының салдарынан шаруа қожалығының қызметкерлері қыстақтан шыға алмай қалған.

  • 21 Қараша 2021
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Облыста үш тәулікке созылған дауылдан кейін 112 телефонына Ұлан ауданындағы шаруа қожалығының қызметкерлерінен хабарлама түскен. Оларды қыстақтан эвакуациялау қажет болған. Шопандарды құтқару операциясына жоғары өтімді техника тартылды.

Дереу оқиға орнына «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен құтқарушылар шықты. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдарды қар алып қалған, әрі бағдарлардың болмаған, оның үстіне құтқару операциясы қараңғы уақытты жүргізілген, мұның бәрі біршама қиындықтар туғызған екен. Дегенмен, құтқарушылар шопандарды аман-эвакуациялап, қалаға аман-есен жеткізді.


Соңғы жаңалықтар