ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін үш тұрғын сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін үш тұрғын сотталды

ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін үш тұрғын сотталды

Риддер қаласының үш тұрғыны Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін сотталды. Разлеванка өзенінің жанында - орман шаруашылығы аумағында үш дос жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлған.

  • 28 Маусым 2021
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені үшін сот Риддер қаласының тұрғындарына қатысты айыптау үкімін шығарды. Жалпы алғанда сотталғандар 250-ден асқан Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің сабағын кескен, — деді Риддер қалалық пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.

Сотталғандардың айтуынша, олар «ұсақ пияздан» салат жасамақшы болған. Алайда, өсімдіктің бұл түрі ҚР Қызыл кітабына енген.

ШҚО Риддер қалалық сотының үкімімен жігіттер ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотталды.

«Оларға қатысты үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесіліп, пробация қызметіне есепке қойылды. Қазір есепте тұрған сотталуғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілуде және бұдан әрі пробация қызметінің бақылауында болады, сондай-ақ, қайта құқық бұзушылық жасаған жағдайда сотталғандардың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы неғұрлым қатаң – бас бостандығынан айыруға ауыстыруы мүмкін. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу ережелері сотталғандарға түсіндірілді, — деп қорытындылады Риддер қаласының пробация қызметінің бастығы Альмира Майылханова.


Соңғы жаңалықтар