ШҚО-да Қызыл кітапқа енгізілген жабайы пияз тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысының табиғат қорғау және ветеринарлық полициясы қызметкерлері браконьерлерден Қызыл кітапқа енгізілген жабайы пияз тәркіледі. |
«Жыл сайын күн жылынған кезде жабайы пияз немесе өгізтал Риддерлік браконьерлердің шабуылына тап болады. Биыл олардың қолынан осы өсімдіктің 80 түрі тәркіленді», - деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Полиция ақпарына қарағанда, браконьерлер мемлекетке 240 мыңнан астам залал келтірген.
Қарапайым тілде гізтал деп аталатын жабайы пияз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сарымсаққа ұқсайтын бұл өсімдік жер бетінде бірнеше жерде ғана өседі. Ол Сібір, Алтай мен Моңғолияда тамыр жайған. Ал, Қазақстанда тек ШҚО аумағында өсетін пияз қазір жойылуға жақын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін