Caravan Logo

ШҚО-да рейстік автобус жол үстінде отқа оранды

ШҚО-да рейстік автобус жол үстінде отқа оранды

«Неоплан» маркалы автобуста қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, салон, 36 шаршы метр алаңда дөңгелек жанып кетті.

Өрт бірнеше минутта оқшауланып, 40 минуттан кейін ауыздықталды. Өртті сөндіруге ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштері (3 адам, 1 бірлік техника) қатысты.

Жолаушылар (10 адам) жол-жөнекей көліктермен Шемонаиха қаласына жеткізілді.