Бұл туралы ҚазАқпарат. порталы хабарлады.
Жас отбасы аталмыш ауылға жуықта көшіп келген екен. Жаңа баспананы жөндеумен әлек болып жүріп, ерлі-зайыптылар 1 жастағы сәбиді қараусыз қалдырған. Бала аулада ойнап жүріп, монша алдындағы су толы ыдысқа құлап кеткен. Ата-анасы оны кеш байқаған.
«Оқиға орнына біріші болып полиция қызметкерлері жетті. Құтқарушылар тұрғындарды балаларын қараусыз жібермеуге шақырады. Қарапайым ғана қауіпсіздік ережерелерін сақтамау үлкен қайғыға душар етеді», — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта