ШҚО-да «Шығыс-STAR» атты жас таланттар байқауы жарияланды
![]() |
Шығыс Қазақстанда жоғары және орта білім мекемелерінің студенттері, жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларының арасында «Шығыс-STAR» атты жас таланттар байқауы жарияланды. |
«Егер сіз жас, музыкаға бейімді және талантты болсаңыз - тыңдауға келіңіз», - деп шақырады мәдениет басқармасы.
Мәдениет қызметкерлері аймақтағы жас таланттарды қолдау және елге таныту бағытындағы жұмысты күшейтуді көздеп отыр.
Тыңдаулар 22 қарашада басталып, облыстың екі ірі қаласы - Өскемен мен Семейде өтеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін