ШҚО-да тергеу және уақытша оқшаулағыштар қамауға алынғандарды ұстау бойынша ең төменгі стандарттарға да жауап бермейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да тергеу және уақытша оқшаулағыштар қамауға алынғандарды ұстау бойынша ең төменгі стандарттарға да жауап бермейді

ШҚО-да тергеу және уақытша оқшаулағыштар қамауға алынғандарды ұстау бойынша ең төменгі стандарттарға да жауап бермейді

Шығыс Қазақстанның ІІД-нің уақытқа оқшаулағыштарында (УО) және тергеу оқшаулағыштарында (ТО) қамауға алынғандарды ұстау жағдайларын прокурорлық тексеру барысында қамалғандарға қатысты ең төменгі стандарттарды бұзудың көптеген жағдайлары анықталды, деп мәлім етті ШҚО прокурорының жазаларды орындау және азаматтарды ақтау заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Виктор Подрезов.

  • 29 Маусым 2011
  • 924
Фото - Caravan.kz

«Уақытша оқшаулағыштардың көбі өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары салынған және бүгінгі талаптарға жауап бермейді, төрт оқшаулағыш (Өскемен, Семей, Серебрянскқалаларындағы, Қатон-Карағайауданындағы) жерасты бөлмелерінде орналасқан, Күршім АІІБ УО-сы жартылай жерасты бөлмелерінде орналасқан», — деп хабарладыВ. Подрезов.

Прокурордың айтуынша, оқшаулағыштардың көбі апатты жағдайда және пайдалануға жарамсыз, оларды жөндеуге немесе жаңаларын салуға қаржы бөлінбейді. Қамауға алынғандарды ұстаудың ең төменгі стандарттары бойынша УО-лар климаттық жағдайларға жауап беруге тиіс екеніне қарамастан, оқшаулағыштардың басым бөлігіндегі камераларда бір адамға 2,5 ш. метр нормасы сақталмаған, кәріз, су құбыры жүйесі жоқ, қоқыс салатын, су құятын ыдыстар жоқ.

«Абай, Тарбағатай, Күршім аудандарының. Курчатов қаласының уақытша оқшаулағыштарында отырғандар жеке ыдыс-аяқпен, жуыну құралдарымен, сүлгілермен қамтамасыз етілмеген, қыста камералар суық, жарығы әлсіз. Күршім ауданының УО-ларында кереуеттерде жастық, төсеніш және көрпе ғана бар, қамауда отырған бір адамның ғана төсек-орын жинағы болған, оның өзін туыстары беріп жіберген болып шықты. Өскемендегі УО-да 6 камерада ғана екі қабатты кереуеттер болған, қалған 14-інде ағаш сәкілер тұрған», — деді прокурор.

В. Подрезовтың айтуынша, сондай-ақ, әйелдерді қамауда ұстауда бұзушылықтар анықталды. Мысалы Семейдегі ОВ 156/16 мекен-колониясында тұрғылықты секцияларда шамадан көп адам ұсталған, жүкті әйелдерге дұрыс тамақ, төсек-орын берілмеген. Өскемендегі ТО-да 1 және 4 айлық балалары бар Мұсақанова мен Воронинабалалардың кереуеті жоқ кішкентай камерада қамауда ұсталған.

Сондай-ақ, медициналық-санитарлық қамсыздандыруда бұзушылықтар, тамақтану рационында сәйкессіздік анықталған. Мысалы Күршім ауданының уақытша оқшаулағышында бір адамды тамақтандыруға күніне Т360 бөлінеді, таңғы асқа нан, май, шай, қант кіреді, түскі тамаққа бір ыстық тағам, нан, шай, кешкі асқа тез пісетін кеспе, нан, шай, қант кіреді. Ал Күршім және Абай АІІБ уақытша оқшаулағыштарында медициналық қызметкерлер жоқ, жаңадан келгендер медициналық тексеріден өтпейді. Үржар ауданының оқшаулағышындағы медбике 2009 жылдың сәуірінен міндетті медкомиссиясыз жұмыс істеген, оның кабинетінде медициналық құжаттар болмаған, қарапайым тазалық сақталмаған, медициналық халаты да болмаған.

«Глубоков ауданының уақытша оқшаулағышында минималды стандарттың 8-ші және 19-шы тармақтарын бұза отырып, кәмелетке толмаған Будницкий бұрын сотталған ересектермен қамауда ұсталып келген. Ауыр жағдайларда кісі өлтірді деп айыпталған қылмыскер орташа ауыр қылмысқа алғаш рет барған азаматтармен бір камерада отырған», — деп хабарлады В. Подрезов.

Анықталған бұзушылықтардың бәрі облыстық прокуратураның алқасында қаралды, ІІД-ге бұзушылықтарды бұзу тудары ұсыным енгізілді. Жергілікті жерлердегі прокурорларға әрекет ету актілерін енгізіп, тіпті санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап бермейтін мекемелерді жабуға дейін шара қабылдауға кеңес берілді.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 20 уақытша оқшаулағыш, 12 түзету мекемесі, 2 тергеу оқшаулағышы орналасқан. Бас бостандығынан айыру орындарында 9 мың адам, соның ішінде 527 адам УО-ларда отыр.

Соңғы жаңалықтар