Түнгі сағат 22.30-да қоймаға жүк тиелген вагондарды жеткізу барысында бірнеше вагон құрамадан ажырап кетіп, мердігер компанияның екі жұмыскері вагондар арасында қысылып қалды.
Оқиға салдарынан 1954 жылы туылған бекіту материалдарын жеткізуші маман мерт болып, 1962 жылы туылған оның әріптесі ауыр жағдайда Глубокое ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиғаның себебін тексерумен арнайы құрылған комиссия айналыспақ.
«KAZ Minerals тобының» ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына, достарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.