ШҚО-да түтеген бораннан бірқатар бағыттағы жолдар жабылды
|
Шығыс Қазақстанда қыс қаһарына мінді. Қарлы боран салдарынан осы өңірдегі бірқатар тасжолдар уақытша жабылды.
Ақтүтекте жолда қалып қойғандар да бар. Өткен тәулік ішінде қар құрсауында қалған автобустар мен жеңіл көліктегі жолаушылар құтқарылған. Қазір Өскеменнен-Зырян, Қатон-Қарағай аудандары және Риддер қаласы бағыттарына шығатын жолдар жабық. Өңірдің төтенше жағдай департаментіндегілер аталған бағыттарда жүк көліктері мен жолаушылар автобустарының қозғалысына тыйым салып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін