ШҚО-да ұйытқыған қарлы бұрқасын жолаушылар автобустарын жолдан шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да ұйытқыған қарлы бұрқасын жолаушылар автобустарын жолдан шығаруда

ШҚО-да ұйытқыған қарлы бұрқасын жолаушылар автобустарын жолдан шығаруда

ШҚО-ның бірден бірнеше ауданында бағдарлық автобустар жолдан шығып кетті - қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

  • 7 Қараша 2012
  • 369
Фото - Caravan.kz

Көктайғақтың салдарынан Зырян ауданында, «Қатон-Қарағай-Өскемен» тас жолында жолаушылар автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдан шығып кетті. Бұқтырма әкімдігінің және өрт қызметінің күшімен 30 жолаушы Бұқтырма кентіне жеткізілді.

Глубокий ауданында, «Өскемен-Риддер» тас жолының 34-ші шақырымында облыс орталығы пансионатының егде жастағы адамдары мінген автобус күре жолдан түсіп қалды. Секисовский әкімдігі мен жол полицияның көмегімен адамдар мінген автобус қар құрсауынан шығарылып, Өскеменге дейін жеткізілді.

Шемонаиха ауданында, «Шемонаиха — РФ шекарасы» тас жолында жолаушылар мінген автобус пен 11 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Көмекке №28 өрт сөндіру қызметінің құтқарушылары мен аудан әкімдігінің қызметкерлері жетті. Адамдар мен көліктер тазаланған жол учаскесіне шығарылып, құтқарылды.

Осы сағаттарда облыс жолдары барлық бағыттар бойынша ашық, алайда ТЖ мамандары ауа райы күрт өзгеріп, бұзылған жағдайда жекелеген автожолдар жабылантындығын ескертуде.

Ауа райы да «тосын мінез» танытуда. Синоптиктердің берген ақпаратына қарағанда, жел күшейіп, температура төмендейді.

Соңғы жаңалықтар