Бұл туралы altaynews.kz хабарлайды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қалалар мен аудандардың ведомстволық бөлімдеріне қаражат бөлді. Жақын арада ол ардагерлердің шоттарына аударылады.
«Сонымен қатар, қалалық және аудандық мәслихат сессияларының шешімі бойынша қосымша төлемдер қарастырылады. Тыл жұмысшыларына ақша бөлмейміз. Өткен жылы біз адамдарды ренжітпеу үшін қалалық және аудандық бюджеттерден осы мақсаттарға қаражат беруді сұраған болатынбыз, болмаса демеушілік қорлардың қаражат бөлу мүмкіндігін қарастырамыз. Нақты ақпарат кейінірек болады», — деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Елена Старенкова.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 246 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.