Ертіс шахтасында түнгі сағат 23:00 шамасында қайғылы оқиға орын алды. Жүк тиелген вагондарды клеть арқылы тасымалдау кезінде вагондар тіркемеден ажырап, екі бірдей жұмысшыны басып қалған. Салдарынан 61 жастағы бір жұмысшы оқиға орнында мерт болып, оның 53 жастағы әріптесі ауыр халде аудандық ауруханаға түсті. KAZ Minerals компаниялар тобы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір арнайы комиссия құрылып, аталған оқиғаның мән-жайы анықталуда, — деп хабарлайды
http://24.kz/.