ШҚО-да зергерді тонады деген күдікпен студенттер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласының полиция қызметкерлерімен ізі суымай 34 жастағы зергердің тоналуы ашылды. |
«Жәбірленушінің үйінің жанында түнгі сағат 22.00 шамасында бөтен үш адам зергерге шабуылдады, ұрып-соғып, ақшасы бар кішкене сөмкесін, қалта компьютерін, алтын бұйымдарын ашық түрде жымқырып, оқиға болған жерден тайып тұрды. Жәбірленуші бас және мұрыны жарақаттанып.қалалық ауруханаға түсті», -делінген ҚР ІІМ мәліметтерінде.
Бірнеше уақыттан соң ұрлықшылар ұсталды. Олардың екеуі политехникалық жоғары оқу орнының 3 курс студенттері болып шықты. Қазір оңай пайда табушылар тергеу абақтысында. Жедел уәкілдер олардың басқа да осыдай қылмысқа қатыстылығын анықтауда, ұрлыққа қатысы бар үшінші адамға іздестіру ұйымдастырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін