ШҚО-да жаңа жылдан кейін жарық қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да жаңа жылдан кейін жарық қымбаттауы мүмкін

ШҚО-да жаңа жылдан кейін жарық қымбаттауы мүмкін

Шығысэнерготрэйд қаңтар айынан бастап тарифті көтермек. 

  • 20 Желтоқсан 2017
  • 123
Фото - Caravan.kz

Аталмыш компания электр энергиясын ұсыну қызметінің бағасын көтеретіні жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Осыған дейін ШҚО тұрғындары электр қуатының 1 Квт/сағатына 11,106 теңге төлеп келген болатын. Егер  жергілікті табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Шығысэнерготрэйдтің өтінішін мақұлдайтын болса, 5 қаңтардан бастап баға 12,055 теңгеге көтеріледі.

Бүгін Өскеменде өткен қоғамдық тыңдау отырысында   ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің ШҚО бойынша директоры Қайрат Оразбаев Шығысэнерготрэйдтің соңғы бірнеше жылдың көлемінде мұндай өтінішпен 5 рет келіп, бесеуінде де бағаның көтерілуіне рұқсат берілмегенін айтты.

«Бұл жолы да біз өтініштің қаншалықты заңға сәйкес келетінін тексереміз. КЕГОК, Казцинкэнерго, ШҚ РЭК сияқты энергия өндіруші мекемелер өздерінің сатып алу бағамдарын көтеріп жібергенін де айта кету керек», — деді ол.


Қайрат Оразбаев, тұрғындардың көзақарастарын да есепке алып, оңтайлы шешіп қабылданатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар