Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz.-ға сілтеме жасап хабарлайды.
3 ақпанда, сағат 19.25 шамасында, қолайсыз ауа-райы жағдайында (қарлы боран, көктайғақ) Өскемен-Семей тас жолы бойымен Семей бағытына жол тартқан тіркемесі бар Daf жүк көлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жедел жәрдем көлігіндегі 1972 және 1979 жылғы екі жолаушы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. 44 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі Семей қаласына облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.